Қап!..
Әншейінде адам ойына келмес бір оқиғаны басымнан өткердім 😲😳!!!
Кеше керегімді алуға супермаркетке барғанмын. Бетте маска, қолда перчатка, антисептик қалтамда. Өзімше бар сақтық шарасын сақтап, керегімді алып жүрмін..🤲
Касса алдына келіп, алған затқа төлермін деп қалтамнан 5 мың теңгелікті шығарған едім. Қолымнан түсіріп алдым. Ақысын төлеп,заттарын пакетіне салып болып қалған алдымдағы адам еңкейді де 5 мыңдықты оп-оңай көтеріп алды. "Қандай ізетті жан" деп риза болып, күлімсіреп қолымды соза беріп едім...(маскадан күлімсірегенін көрінбеген шығар, бірақ көзімнен байқауға болады ғой).
Ақшаны береді деп бекер дәмеленіппін, әлгі "мықтым" :" тапқан тапқандыкі, жерде жатқан көтергендікі" деді де, шімірікпестен 5 мыңдықты қалтасына сүңгіте салғаны бар емес пе?! Асықпай балпаңдап басып кетіп барады. Аузымды ашқан күйі мен қала бердім. 😳 Мәссаған!
Мен кассирге бір, артымла тұрған әйелге екі қарадым. Көріп тұрғандардың бәрі бір- біріне аң- таң боп қарасып, өзара күңкілдесіп жатты.
Әрине, ойбайлап, супермаркеттің қауіпсіздік қызметіне шағымдануыма болатын еді. Мынадай оспадарлықты бұрын соңды көрмеген басым ағтарылып тұрдым да, мәселені өзімше шешпек болдым.
Қолымдағы заттарымды арбаға тастай салып, әлгінің соңынан жүгірдім. Көлігін қаңтарған жерде қуып жеттім. Қарсы алдына тұра қалып:
-5 мыңымды қайтар!- дедім. Алайда ол маған тіпті көз қиығын да салмады. Елейтін түрі жоқ. Қолындағы екі үлкен пакетті аспай- саспай жерге қойып, көліктің есігін ашу үшін қалтасынан кілтін шығарды.
... Осы кезде " қазір әйтпесе ешқашан" деген ой басыма сақ ете қалды!🙈
Оның жерге қойған екі пакетін алдым да : «Жерде жатқан көтергендікі!» деп кілт кері бұрылдым. Жүрегім аузыма тығылып, жүгіре жөнелгім келген. Бірақ өзімді өзім ұстап, аяғымды баппен басып алыстай бердім.
...
Көріп тұрғандар қол шапалақтап, анау соңымнан ұмтылса, бөгеп тастардай маған жол ашты.
Намысына тигенім анық енді. Ашумен есігін қалай тарс жауып, көлігін қалай оталдырды да кете барғанын ту сыртыммен естідім...
Адреналин басыма шауып, қол- аяғым дірілдеп кетті. Өзімнен өзім ішек- сілем қатып ал кеп күл!.. 😂
Үйге келіп , пакетті ашып, чекті қарасам::
- ірі креветкадан 2 кг ,
- 1 лосось балық.
- 1,4 кг сиырдың қоң еті
- ірімшік пен йогурт
- 2 пакет кеспе
- 2 пакет қызыл алма
- 2 банка шие тосабы
- 1 фуа-гра
- 1 үлкен банка майонез
- 2 пакет сары май
- 1 бөтелке Barolo, 1 бөтелке Amarone della Valpolicella
Т5.000 тап осындай азық түлік ешуақытта алып көрмеппін ше!!
Сонымен ...
Amarone мен фуа-граға қарық болдым.
Әрі қарай не болғанын оқығыңыз келе ме?
Әрине, бұндай оқиға болған жоқ...😀😀😀
Бұл жазбамды оқыту үшін, жалпы кітап оқуды насихаттау ойлап тарқан әдіс ! 📖
Кітап оқу ми жұмысын жақсартады, армандауға жетелейді, қиялға қанат бітіріп, оймен саяхаттауға шақырады, бір бірімізбен жақынырақ араласуға жол ашады.
Қаласаңыз мәтінді көшіріп, жариялау арқылы достарыңызға қуаныш сыйлаңыз.
Бұны оқыған адамның көңілі көтерілетіні анық😉😄
😁😁😁😁😁😁😁😁😁
Орысшадан еркін аудардым. Бақыт Жаншаева